Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын қазақ балуандары белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Ұлттық құраманың бас жаттықтырушысы Әсет Серікбаев сары құрлықтың басты додасына жас балуандарды да ала бармақ. Олар үшін мол тәжірибе болатыны анық. Сондай-ақ Шымкенттегі ел Спартакиадасында чемпион атанған балуандардың барлығы бақ сынайды.

Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан командасының тізімі:

57 кг: Мейрамбек Қартбай
61 кг: Бауыржан Төребек
65 кг: Дәулет Ниязбеков
70 кг: Нұрқожа Қайпанов
74 кг: Данияр Қайсанов
79 кг: Ғалымжан Өсербаев
86 кг: Әділет Дауланбаев
92 кг: Ералы Әбдірашев
97 кг: Әлішер Ерғали
125 кг: Олег Болтин

Күрес түрлерінен Қазақстан командасы бұл күндері АІВА спорттық базасында жаттығуда. Команда 20 сәуір күні Қытайға бағыт алады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама