Еркін күрес шеберлері Олимпиаданың екі жолдамасын қоржынға салды
Еркін күрес шебері Нұрислам Санаев 57 келі салмақта жартылай финалға шықты. Ол алғашқы айналымда Анатолий Бурианды ұтса, ширек финалда колумбиялық Оскар Урбанодан 10:6 есебімен басым түсті.
65 келіде белдесетін Дәулет Ниязбеков алғашқы айналымда таза жеңіске жетті. Ол Қытайлық Тайпей өкілін 10:0 есебімен жеңді. Ал 1/8 финалда моңғол балуаны Тулги Очираны 6:2 есебімен ұтты. Осылайша жартылай финалда шыққан еркін күрес шеберлері 2020 жылғы Олимпиада жолдамасының санын 19-ға жеткізді.
Бүгін 76 келіде бақ сынаған Эльмира Сыздықова жұбаныш белдесуде италиялық қарсыласын 10:0 есебімен жеңіп, екінші кездесуінде тайпэйлік спортшыдан басым түсті. Осылайша Эльмира Сыздықова 2020 жылғы Токио Олимпиада ойындарының жолдамасына иелік етіп қана қоймай, қола жүлде үшін өтетін кездесуге қатысады.
2020 жылғы Токио Олимпиадасына жолдама саны 18-ге жетті. Бұған дейін Токиоға жолдама жеңіп алғандар:
1. Ришат Хайбуллин (Спорттық құзға өрмелеу)
2. Дмитрий Баландин (100,200 метрге брасс әдісімен жүзу)
3. Ольга Рыпакова (Жеңіл атлетика)
4. Георгий Шейко (Жеңіл атлетика)
5. Евгений Гидич (Велоспорт, шоссе)
6. Классикалық садақ атудан Қазақстан ерлер құрамасы
7. Денис Ганькин (Садақ ату)
8. Ильфат Абдуллин (Садақ ату)
9. Санжар Мусаев (Садақ ату)
10. Виталий Худяков (Ашық суда жүзу)
11. Екатерина Немич (Бейнелі жүзу)
12. Александра Немич (Бейнелі жүзу)
13. Мейрамбек Айнағұлов (Грек-рим күресі)
14. Асхат Ділмұхамедов (Грек-рим күресі)
15. Валентина Исламова (Әйелдер күресі)
16. Эльмира Сыздықова (Әйелдер күресі)
17. Нұрислам Санаев (Еркін күрес)
18. Дәулет Ниязбеков (Еркін күрес)