Қазақтың Мессиі деп танылған жас ойыншыЕркебұлан СейдахметРесей премьер-лигасындағы Уфа командасы құрамынан кеткені жайлы ақпар тараған болатын. Қазақстандық жас талантты ойыншы башқұртстандық клубпен бірге жаттығып жүр. Қазіргі таңда футболшы мен башқұртстандық клубтың өкілдері әлі де келіссөздер жүргізіп жатыр екен. Бірақ қос тарап ресми келісімшартқа қол қойған жоқ. Бүгін Уфаның instagram желісіндегі ресми парақшасында команданың баспасөз хатшысы Сергей Тыртышный тікелей эфир жасап, Еркебұлан Сейдахметпен сұхбаттасты. Естеріңізде болса Еркебұлан Сейдахмет қаңтар айының ортасында Уфамен оқу-жаттығу жиынына аттанған болатын. Команданың Кипрдегі екі бірдей дайындық шараларына қатысты. Ларнаканың (Кипр) Алки командасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шығып, алғашқы голын да соқты. Плоцкінің (Польша) Висла клубына қарсы ойында бір тайм ойнаса, Слован (Чехия) командасына қарсы кездесуде 90 минут ойнап, екі нәтижелі пас берді.