Ережесіз жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтың Тәуелсіздікке тартуы (видео)
Боксшы жеңісінен кейін: «Бүгін менің елімде қасиетті мереке. Бүгін Қазақстанның өз Тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне 25 жыл толып отыр. Сонымен қатар, мен де бүгін өзімнің 25-ші жекпе-жегімді өткіздім. Мен осы жеңісімді еліме, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арнаймын», – деді.
Қуат тебіреніске толы сөздерін рухты әнмен жалғады. Ол шаршы алаң төрінде тұрып «Елім менің» әнін шырқап берді. Артынша тізерлей отырып қазақтың көк байрағын сүйіп, көрермендер жүрегін елжіретті.
Айта кетсек, жерлесіміз Қуат Хамитов Мәскеуде өткен "Fight Nights Global 57" турнирі аясында ресейлік Гаджи Рабадановпен жекпе-жек өткізіп, үшінші раундта буындыру әдісімен жеңді.