Элизавета Тұрсынбаева кезекті турнирде топ жарды

О Сансызбай Корреспондент

1992 жылдан бері дәстүрлі түрде өткізіліп келе жатқан турнирге барлығы 15 елден 22 мәнерлеп сырғанаушы қатысты. 14 жастағы қазақстандық спортшыға тең келер қарсылас табылмады. Күміс оңтүстік кореялық Лим А Хьюнға бұйырса, қоланы неміс Алиса Шайдт иеленді.

Элизавета Тұрсынбаеваны 2013 жылдың орта шенінен бері канадалық танымал бапкер Брайан Орсер жаттықтырады. Ол сонымен қатар, 2014 жылғы әлем және Олимпиада чемпионы жапон Юдзуру Ханюдың да бас бапкері қызметін атқарады.

Естеріңізге сала кетсек, Элизавета Тұрсынбаева осы жылғы үшінші халықаралық турнирде топ жарып отыр. Осыған дейін, қаңтар айында Словакияда, наурыз айының соңында Италияда өткен додаларда жеңіс тұғырынан көрінген болатын.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама