Оңтүстік Корея жерінде өтіп жатқан ХХІІІ қысқы Олимпиада ойындарында мәнерлеп сырғанау спортынан жарыстар аяқталды. Әйелдер арасындағы жекелей сында қазақстандық спортшыЭлизабет Тұрсынбаева12-орын алды. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы арулар Олимпиада ойындарына алғаш рет қатысты.Айза Имамбекқысқа бағдарламадан кейін жарысты аяқтаса,Элизабет Тұрсынбаева еркін бағдарламада бақ сынауға мүмкіндік алды. Қызылорда өңірінің тумасы Элизабет еркін бағдарламада 118,30 ұпай алып, жалпы есепте 12-орын (177,12 ұпай) алды. Алғашқы Олимпиадасына қатысқан отандасымыз үшін бұл зор әрі тарихи жетістік. Олимпиаданың алтыны мен күмісін ресейлік мәнерлеп сырғанаушылар жеңіп алды. Қысқа бағдарламада әлем рекордын жаңартқанАлина Загитова(239,57 ұпай) чемпион атанса,Евгения Медведева(238,26 ұпай) күміс алды. Қоланы канадалықКатлин Осмонд(231,02 ұпай) иеленді.