Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Элизабет Тұрсынбаева Финляндияның Эспоо қаласында өткен Finlandia Trophy Espoo халықаралық турнирінде екінші орын алды. Екі бағдарламаны да сәтті орындап шыққан Элизабет жарыс жеңімпазы атанған ресейлік спортшы Елизавета Токтамышевадан бар болғаны 2,11 ұпайға ғана қалып қойды. Қысқа бағдарламада отандасымыз 70,95 ұпайға қол жеткізіп, жеке рекордын жаңартты. Еркін бағдарламада Элизабет 129,79 ұпай еншіледі. Қос бағдарлама нәтижесі бойынша күміс медальға қол жеткізді. Жарыста жеңімпаз атанған Елизавета Токтамышева екі бағдарлама бойынша 202,85 ұпай жинады. Қола медальды фин спортшысы Вивека Линдфорс (187,19 ұпай) иеленді. Элизабет Тұрсынбаева Finlandia Trophy халықаралық турнирінде жүлде алған тұңғыш қазақстандық спортшы атанды. Осыдан 7 жыл бұрын бұл жарысқа алғаш болып Абзал Рахымғалиев қатысып, 12-орыннан көрінген. Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы қыркүйек айындаСловакия елінің астанасы Братиславада өткен Ondrej Nepela Trophy Челленджер сериясындағы жарыста да екінші орыналған болатын. Айта кетейік, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыЭлизабет Тұрсынбаеваресейлік маман Этери Тутберидзенің командасына маусым айында қайта оралған еді. Спортшы мен жаттықтырушының келісімі 2022 жылғы Пекин Олимпиадасына дейін жасалған. 18 жастағы отандасымыз ресейлік маманмен 2012-2013 жылдары жаттыққан. Одан кейінгі 5 жылда канадалық Брайан Орсер жаттықтырды.