Элизабет Тұрсынбаева Азиаданың қысқа бағдарламасында 6-орын алды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ Eder

17 жастағы мәнерлеп сырғанаушы 53,16 ұпай жинады. Элизабет Тұрсынбаевадан аустралиялық Кэйлани Крэйн (55,02 ұпай), қытайлық Ли Цзыцзюнь (58,65) мен Чжао Цикан (58,90), жапон спортшысы Рика Хонго (60,98) және Оңтүстік Корея өкілі Чой Да Бин (61,30) озды.

Алматыдағы Универсиада ойындарында «Көроғлы» күйіне билеп, көпшіліктің көңілінен шыққан Айза Иманбек 49,99 ұпаймен 8-орынға тұрақтады.

Еркін бағдарлама бойынша жарыстар 25 ақпан күні өтеді. 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама