Елесуінов пен Левит Конфедерация Кубогінде кімге жанкүйер болады?

Марғұлан Ақан Корреспондент

Василий Левит те турнирге бокс үшін ғана келмейтінін айтты:
«Конфедерация Кубогі – қызықты бәйге, ол үлкен аудитория жинауға бағытталған. Әркімнің талғамына қарай, әрине. Ол жерден бірден бірнеше спорт түрінен өтетін жарыстарды көруге болады. Біреуге күрес ұнайды, біреуге бокс, біреуге тағысын тағы дегендей... Мәселен, өзім тек бокс көруге келмеймін, маған басқа спорт түрлерін де тамашалаған ұнайды»,– деп Василий Левит сөзін сабақтады. 

Сонымен қатар 2016 жылғы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Дариға Шәкімова: «Түрлі спорт түрінен болатын бірегей дода жұрт үшін қызық болары анық. Өскелең ұрпақ осы спорт түрін көріп, жанына жақын біреуін таңдайды. Маған салса, қыздар боксын көрер едім. Өйткені ол қазір жақсы деңгейде қалыптасып келеді. Қыздар боксы қызуқандылыққа толы болғандықтан, бұл жанкүйерлерін өзіне тарта алады»,– дейді. 

Конфедерация Кубогі – үлкен көлемдегі бірнеше спорт түрін қамтитын сайыс. Ең мықты деген қазақстандық спортшылар грек-рим, еркін күрес, таэквондо, дзюдо және бокс сынды спорт түрінен өз атақтарын, қала мен облыстарының абыройын қорғайды. Жалпы жүлде қоры Тимур Күлкібаевтың бекіту бойынша 125 миллион теңгеден жоғары. Көлемді қаржы спортшыларға жігер беріп, оларды қанаттандырады. Бірақ басты мақсат өз аймағының даңқын асқақтату. 


Турнир 3-4 желтоқсан күндері Балуан Шолақ атындағы спорт кешенінде өтеді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама