Елена Рыбакина ұлттық құрамаға шақырту алды: келер ме екен?
Қазақстан теннис федерациясы хабарлағандай, ұлттық құрамаға Елена Рыбакина, Зарина Дияс, Юлия Путинцева, Анна Данилина және Жібек Құламбаева шақырылған.
Құрама көшбасшысы Елена Рыбакина WTA қорытынды турниріне жолдама алып, соған қатысуды жоспарлап отыр. Қазіргі таңда Елена өзін жақсы сезінеді. Егер Эр-Риядта бәрі ойдағыдай болып, сәтті өнер көрсетсе, Кореямен өтетін матчқа қатысуға нық сенімді. Өткен аптада Түркиядағы турнирді ұтқан Зарина Дияс бабында, оның қайта оралғанына қуаныштымыз. Ол Юлия Путинцевамен бірге жекелей сында үмітті ақтайды деп ойлаймыз. Қытайдағы жарыста жеңімпаз атанған Анна Данилина Астанада жұптық сында шешуші рөл атқаруға дайын. Жібек Құламбаева осы айда жұптық сында рейтингіде ең жоғары орынға көтерілді, ол құрамада ойнап та үлгерді, - деді Щукин.
Айта кетейік, "Билли Джин Кинг" кубогының ресми сайты жариялаған құрамда Елена Рыбакина жоқ.