Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина "Уимблдон" турнирінің ширек финалындағы ойынын өткізді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қазақстандық теннисші бұл айналымда украиналық теннисші, әлемнің бұрынғы 3-ракеткасы, 17 WTA турнирінің чемпионы, Токиодағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Элина Свитолинамен кездесті.
Елена Рыбакина қарсыласын 6:3, 6:2 есебімен жеңді.
Отандасымыз 1 сағат бір минутқа созылған матч кезінде жеті эйспен бірге алты брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды.
Енді Рыбакина турнирдің финалына шығу үшін латвиялық Елена Остапенко мен чехиялық Барбора Крейчикова арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.
Спорттық эмоциялардың бас демеушісі 1XBET компаниясы барлық жаңа пайдаланушыларға 200 000 дейін сыйлайды! Өзіңе ұнайтын спорттық іс-шараларды қара және фавориттеріңмен бірге жеңіске жет! Толық ақпарат 1XBET.KZ сайтында және қосымшасында!