Елена Коломина Азия ойындарындағы екінші медалін жеңіп алды
Қазақстандық шаңғышы 10 шақырымға еркін жүгіру сайысында қола медальға қол жеткізді. Бұл жарыста алтын жүлдені 30:24.6 минут көрсеткішке ие болған жапониялық Юки Кобаяши алса, одан 49.8 секунд қалып қойған оңтүстіккореялық Чэ Вон Ли күміс жүлдені иеленді.
Айта кетейік, бұл – Елена Коломинаның Жапония жеріндегі екінші жүлдесі. Бұған дейін ол классикалық әдіспен 1,4 шақырымдық спринт жарысында күміс жүлдені жеңіп алған болатын.