Электр энергиясы қымбаттауы мүмкін - министр
Министрдің айтуынша, электр энергиясының құны қанша болатыны әзірге белгісіз. Министрлік жуырда ток өндіруші компаниялар үшін шекті бағаны белгілейтін жобасын таныстырмақ. Ол 1 шілдеде бекітіледі. Тарифтердің көтерілуіне көмірдің өзіндік құны мен оны тасымалдау бағасы өсуі себеп болып отыр.
"Электр энергиясының бағасы алдағы жарты жылда немесе бір жылда қымбаттауы мүмкін. Бағаның көтерілуіне әсер етіп отырған тағы бір фактор ол жұмысшылардың жалақысын көбейту. Қызметкерлердің айлықтарын көтермесек кадрдан айырыламыз", - деді ҚР энергетика министрі Болат Ақшолақов.