Дзюдодан 25-27 мамыр күндері Қытайды Хуххото қаласында Гран-При турнирі өтеді. Халықаралық бұл додаға Қазақстан құрамасы сапында 13 дзюдошы қатысады. Олардың қатарында Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Елдос Сметов те бар. Қазақстандық спортшы соңғы жарысында Екатеринбург қаласында өткен дзюдодан әлемдік Grand Slam турниріне қатысып, алтыннан алқа таққан болатын. Ал аспан асты еліндегі Гран-При турнирінен бастап дзюдошылар Олимпиада ойындарына ұпай жинайды. Жарысты QazSportарнасы тікелей эфирде көрсететін болады. Қазақстан құрамасы құрамы: 1. Елдос Сметов (60 кг)2. Ғұсман Қырғызбаев(60 кг)3. Ерлан Серікжанов (66 кг)4. Елдос Жұмақанов (66 кг)5. Жансай Смағұлов (73 кг)6. Бекәділ Шаймерденов (73 кг)7. Дидар Хамза (81 кг)8. Азиз Қалқаманұлы (81 кг)9. Ислам Бозбаев (-90 кг)10. Виктор Демьяненко (-100 кг)11. Айбек Серікбаев (-100 кг)12. Санжар Жабборов (+100 кг)13. Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)