Елдос Сметов Екатеринбург татамиіне шықпайды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ olympic.kz

Екатеринбургте жарыс алдындағы жаттығу барысында спортшының жарақаты сыр берген.

- Ақпан айында Алматыда өткен оқу-жаттығу жиындарында иығымнан жарақат алған болатынмын. Кеше жарыс алдындағы жаттығу барысында сол жарақатым сыр беріп, әлі толық қалпына келмегенін көрсетті. Сол себепті, Екатеринбургте өтетін жарысқа қатыспайтын болдым. Бұйырса, осы айдың соңында Анталияда өтетін Гран При турниріне қатысамын", - дейді Елдос Сметов.

2018 жылы Елдос Сметов дәл осы турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

Естеріңізге сала кетсек, 15-17 наурыз күндері Екатеринбург қаласында дзюдодан "Grand Slam" турнирі өтеді. Оған әлемнің 48 елінен 500-ге жуық дзюдошы қатысады. Қазақстан сапынан 19 дзюдошы бақ сынайды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама