Қазақстандық дзюдошыЕлдос СметовДжакартада өтіп жатқан Азия ойындарында жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Қазақстан ҰОКресми сайтыхабарлады. Бірінші айналымда қарсыласын айқын басымдықпен жеңген Елдос екінші кездесуде Солтүстік Корея балуанынан ескерту санымен ұтылған болатын.Осы жекпе-жектен соң Елдос Сметовті ауруханаға алып кетті. - Жаңа ғана Елдосты жедел жәрдеммен ауруханаға алып кетті. Рентгеннен өткізеді. Екінші белдесу кезінде жарақат алған. Оң жақ қабырғасы сынды деген болжам бар, - дейді дзюдодан Қазақстан командасының дәрігері Наталья Кудашева. Айта кетейік, Елдос Сметов жұбаныш белдесуіне де шыққан жоқ.