Елдос Сметов әлемдік рейтингте үздік 5 дзюдошы қатарына қосылды
60 килоға дейінгі салмақтағы дзюдошылар көшін тайпейлік Ян Юнвей бастап тұр. Одан кейін француз Лука Мхеидзе орналасқан. Үштікті грузин Георгий Сардалашвили түйіндеп тұр. Төртінші орынға испан Франциско Гарригос орналасқан. Елдос 4970 ұпаймен 5-орынға жайғасты.
Париж Олимпиадасына дейін Елдос 22-орында болатын.
Олимпиадада қола жүлдегер атанған Ғұсман Қырғызбаевтың да нәтижесі айтарлықтай жоғарылады. Ол 66 килоға дейінгі салмақта 26-орыннан 13-ші сатыға бір-ақ көтерілді.