Елбасы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсіміне қатысты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ akorda.kz

Салтанатты іс-шарада Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоған, Татарстан Республикасының Президенті Рустам Минниханов және Венгрияның Премьер-Министрі Виктор Орбан да құрметті қонақтар қатарында болды.

ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатында 3D-графикасын қолдана отырып ұсынылған театрландырылған қойылымға мыңнан астам актер, музыкант, әнші, шабандоз және спортшылар қатысты. Олар цирк өнерін, шабандоздық тәсілдерін, отты шоу көрсетіп, акробаттық жаттығулар орындады. Сондай-ақ биылғы жарысқа қатысатын елдер спорттық шеруге қатысты.

Биылғы ІІІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында әлемнің 60-тан астам елінен 2 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. 37 спорт түрінен 597 жүлделер жиынтығы сарапқа салынады. Оның ішінде қырғыздың 16 ұлттық және басқа да көшпенді халықтар спортының 21 түрін қамтиды. Атап айтқанда, түрлі қашықтықтағы ат бәйгесінің 8, күрестің 13, дәстүрлі садақ атудың 5 және зияткерлік ойынның 3 түрінен сайыстар өтеді. Сондай-ақ, ит жүгіртіп, құс салатын ұлттық аңшылық ойындардан да жарыс болады.

Жарыс 8 қыркүйек күні аяқталады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама