Футболдан Испания ла лигасының Х турында Барселона мен Реал кездесті. Әлем жұртшылығы көз тіккен ойында каталондық клуб қарсыластарын 5:1 есебімен ойсырата ұтты. Барселонадағы Камп Ноу стадионында өткен кездесуде блауграна сапынан Луис Суарес хет-трик жасады. Бірінші таймда пенальтиді сәтті орындаса, екінші таймда тағы екі гол соғып жанкүйерлерін қуантты. Филипе Коутиньо мен Артуро Видаль бір-бір голдан өз еншілеріне жазды. Ал мадридтік клубтың ойындағы жалғыз голын Марсело соқты. Корольдік клубты ірі есеп айырмасымен ұтқан Барселона ла лигада 21 ұпаймен көш бастады. Екінші орындағы Атлетикодан 2 ұпайға озып келеді. Ал Реал болса 14 ұпаймен 9-орынға жайғасты.