Ел футболындағы соңғы жаңалықтар
Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Сергей Хижниченко Польшаның «Корона» клубында байқауда жүр. Кеше футболшы команда сапындағы екінші кездесуіне шықты.
«Погонь» командасына қарсы жолдастық кездесудің алғашқы таймында қазақстандық ойыншы толығымен өнер көрсетті. Алайда өзіне берілген бірнеше мүмкіндікті мүлт жіберіп алды. Бірінші тайм Кельце қаласының ұжымы 1:0 есебімен жеңіп шыққан болатын. Екінші таймда ойыншыларды алмастырған бапкерлер жеңісті қолда ұстап қалуға жол таба алмады.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/GYMQu_55hsk#t","width":"450","height":"338"});
Естеріңізге сала кетсек, «Корона» осының алдында «Ракув» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 4:1 есебімен жеңген болатын. Ол кездесуде Сергей Хижниченко жасыл алаңға 70-ші минутта кірген еді.
«Шахтер» ресейлік командамен тең ойнады
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/_OOJjlAU_dg","width":"450","height":"338"});
Қарағандылық «Шахтер» кеше ресейлік «Крылья Советов» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 1:1 есебімен тең түсті. Алғашқы таймда екі команда арасында есеп ашылмады. 78 минутта «кеншілер» ұжымының жас ойыншысы Тоқтар Жаңғылышбай есеп ашты. Алайда Виктор Кумыков шәкірттері жеңісті уысында ұстап қала алмады. 85 минутта Дмитрий Ятченко таблодағы есепті теңестіріп кетті.
"Крылья Советов" (Ресей) - "Шахтер" (Қазақстан)- 1:1 (0:0)
Голдар: Жаңғылышбай, 78; - Ятченко, 85.
"Шахтер": Мокин, Симчевич, Джидич, Малый, Тарасов, Порываев, Байжанов, Финонченко, Вичюс, Қонысбаев, Жолшиев (Жаңғылышбай, 65).
Қосалқы құрам: Покатилов, Ли, Ермяков, Габышев, Бабич, Бовтуненко
Ескертулер: Симчевич, 66; Тарасов, 76.
«Қайрат» ойсырай жеңілді
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/lp9uHAfzho0","width":"450","height":"338"});
Алматылық «Қайрат» футбол клубы Абу-Дабиде ресейлік «Краснодар» командасынан ойсырай жеңілді. «Zayed Sports City» стадионында өткен ойын 3:0 есебімен краснодарлық ұжымның пайдасына шешілді. Есепті қорғаушы Николай Марков ашса, Маурисио Перейра еселей түсті. Кездесудегі соңғы нәтижені Мамаев тіркеді.
«Краснодар» (Ресей) – «Қайрат» (Қазақстан) – 3:0 (1:0)
Голдар: Марков 27, Перейра 47, Мамаев 85.
«Краснодар»: Фильцов (Синицын, 33, Кавлинов, 70), Марков (Енджейчик, 46), Мартынович, Тубич (Гранквист, 46) Анджелкович (Калешин, 46),Померко (Газинский, 46), Марсио (Шипицин, 46), Петров (Мамаев, 46), Исаэл (Перейра, 46), Лаборде (Жоаозиньо, 46), Гоу (Вандерсон, 46)
«Қайрат»: Лория (Короткевич 69), Кислицын, Михалик, Маркович, Гурман, Кейлер, Едигарян (Таипов 76), Лачны (Советов 84), Дарабаев (Нехтий 62), Көкеев (Оразаев 84), Сисей (Бауыржан 62)
Ескертулер: Лаборде 44, Мартынович 81 – Михалик 18, Маркович 77
Төрешілер: Абдулла Саид, Салем Саид, Халфен Салем (бәрі де – Оман).
19 қаңтар. БАӘ. Абу-Даби. «Заед Спортс Сити». 100 жанкүйер.
«Ордабасы» қорғаушы іздеуде
Шымкенттік «Ордабасы» Түркиядағы оқу-жаттығу жиындары барысында черногориялық қорғаушы Младен Лазаревичті қатарларына қосуға қам жасауда. Қазіргі таңда футболшы клубтың қарауында жүр. Бірнеше рет алаңға шығып өнер көрсетті де. Ол осыған дейін «Партизан», «Руселаре», «Кортрейк» және «Нови Пазар» клубтарында ойнаған. 30 жастағы футболшы елінің жастар құрамасында да тер төккен екен. Бүгін Виктор Пасулько командасы екінші оқу-жаттығу кезеңін аяқтайды.
«Ертіс» те жеңіліс тапты
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/gJN7Dz0fti0","width":"450","height":"338"});
Павлодарлық «Ертіс» оқу-жаттығу жиындары барысында түркиялық «Сарыер» командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:1 есебімен жеңіліп қалды. Қазақстандық команда еншісіндегі жалғыз голды Талғат Байсуфинов қарауында жүрген ресейлік қорғаушы Евгений Постников соқты.
«Ертіс» құрамы төмендегідей болды:
Бірінші тайм: Джоджо (Калмыков), Чернышов, Чучман, Чичулин, Қожабаев, Юрин, Аверченко, Говедарица, Мұхитдинов, Бақаев, Федин.
Екінші тайм: Калмыков (Котляр), Хлебоун, Постников, Догузов, Назаров, Иванов, Аяғанов, Саломов, Семенов, Головешкин, Бегалин.
Келесі кездесуін павлодарлық команда 21 қаңтар күні ресейлік «Нефтехимик» командасымен өткізеді.
«Қайсар» екінші оқу-жаттығуын аяқтады
Қызылордалық «Қайсар» Түркиядағы екінші оқу-жаттығу жиындарын аяқтады. Дмитрий Огай шәкірттері дайындығын шыңдау барысында 5 кездесу өткізді. Оның біреуінде жеңіске жетіп, біреуінде тең нәтиже көрсетіп, үшеуінде жеңіліс тапты.
«Ақтөбе» Некоға қызығушылық танытуда
2013 жылғы маусымдағы ел чемпионы «Ақтөбе» командасы 27 жастағы бразилиялық шабуылшы Данило Некоға көз қырын салып отыр. Португалия азаматы болып табылатын тегі бразилиялық футболшы өзінің спорттық мансабын 2004 жылы «Понте-Прета» клубында бастаған. 2011 жылдан бері владикавказдық «Аланияда» өнер көрсетіп келеді. Дәл сол жылы Еуропа Лигасы аясында «Ақтөбе» қақпасына ойын соңындағы пенальтиде гол да соққан екен.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz, prosportkz.kz, fca.kz