Ел чемпионатының жартылай финалына шыққан боксшылар белгілі болды
Ширек финалдағы жанкүйерлер күтпеген нәтижелердің бірі – әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының жеңілуі болды. Алматылық боксшы 81 келіге дейінгі салмақта қостанайлық Михаил Коханчикпен жұдырықтасып, жеңіліс тапты. Төрешілер 5:0 есебімен 19 жастағы боксшыны жеңімпаз ретінде таныды. Жанкүйерлер бұл салмақ дәрежесінде финалда Жәнібек пен Әділбек Ниязымбетовтің кездесуін күткен еді.
Жартылай финалға шыққан боксшылар реті төмендегідей:
11 қараша.
Жартылай финал
49 келі
Теміртас Жүсіпов (Ақмола обл.) – Сабыр Жолаушиев (Павлодар обл.)
Жандос Несіпжан (Ақмола обл.) – Шалқар Айқынбай (ОҚО)
52 келі
Азамат Исақұлов (Маңғыстау обл.) – Әнуар Мұзапаров (Алматы обл.)
Абай Қуандықов (Ақтөбе обл.) – Олжас Байниязов (ОҚО)
56 келі
Ілияс Сүлейменов (Астана) – Нұрсұлтан Көшеғұлов (Ақмола обл.)
Жанболат Қыдырбаев (Жамбыл обл.) – Нұрбол Қалжанов (Маңғыстау обл.)
60 келі
Ертуған Зейнуллинов (Алматы обл.) – Закир Сафиуллин (ОҚО)
Әділет Құрметов (ШҚО) – Берік Әбдірахманов (Маңғыстау обл.)
64 келі
Қуан Қуатов (Павлодар обл.) – Бекдәулет Ибрагимов (ОҚО)
Сабыржан Бекбергенов (Акмола обл.) – Санатәлі Толтаев (Алматы қ.)
69 келі
Асланбек Шымбергенов (Жамбыл обл.) – Бекболат Құрамысов (Алматы обл.)
Рустам Шаймерденов (Қарағанды обл.) – Қанағат Маралов (Астана)
75 келі
Сапарбай Айдаров (Алматы қ.) – Ерік Әлжанов (Маңғыстау обл.)
Владислав Столбовский (Қарағанды обл.) – Абай Төлеш (ОҚО)
81 келі
Әділбек Ниязымбетов (Маңғыстау обл.) – Бек Нұрмағанбет (ОҚО)
Бекзат Нұрдәулетов (Маңғыстау обл.) – Михаил Коханчик (Қостанай обл.)
91 келі
Антон Пинчук (Қостанай обл.) – Абзал Құттыбеков (ОҚО)
Нұрбол Алтаев (Атырау обл.) – Еркін Мұхамеджан (ОҚО)
+91 келі
Олжас Бұқаев (Павлодар обл.) – Нұрболат Сермаханов (Астана қ.)
Айболды Дәуренұлы (Маңғыстау обл.) – Нұржан Бекзатов (ОҚО)
Айта кетейік, Шымкенттегі ел біріншілігіне ұлттық құрама сапында Гамбургте өткен әлем чемпионатында жүлде алған 6 боксшы қатысып жатқан жоқ. Олар Жомарт Ержан (49 келі), Абылайхан Жүсіпов (69 келі!, Василий Левит (91 келі) Әбілхан Аманқұл (75 келі), Қамшыбек Қоңқабаев (+91 келі) және Қайрат Ералиев (56 келі).