Эквадорда футбол матчы 1:44 есебімен аяқталды
Үлкен есеп айырмасымен жеңіліс тапқан Indi Native командасы турнирде небәрі үш апта өнер көрсеткен екен. Жергілікті тұрғындардан құралған бұл команда Pelileo клубымен кездескенге дейін бірнеше ойын өткізіпті. Дегенмен олар соңғы ойында қақпаға 44 соққы жіберіп алған.
Клубқа лига аясында өнер көрсетуге рұқсат берген жергілікті дивизионның басшылығы шешімдерін дереу өзгертті. Енді Pelileo командасы қарсыластың қақпасына ең көп доп соққаны үшін Гиннестің рекордтар кітабына енуі мүмкін.
Дереккөз:Vesti.kz