Египетте жанкүйерлердің стадионға келуіне рұқсат берілді
Жаңа ережеге сәйкес, Каир мен Александрия қалаларында 10 мыңға жуық жанкүйерлердің жиналуына рұқсат берілсе, өзге қалаларда 5 мыңнан аспауы тиіс болды. Сонымен қатар, «Аль-Ахли", «Замалек», «Аль-Иттихад», «Исмаили», «Аль-Масри» және «Даманхур» командаларының өзара ойындарына жанкүйерлердің келуіне рұқсат берілмеді.
Естеріңізге сала кетсек, 2012 жылдың 2-ақпанындағы «Аль-Масри» мен «Аль-Ахли» командалары арасындағы ойын жаппай қақтығысқа ұласып, 74 адамның өмірін қиған еді.
Сурет: sports.ru