Дзюдошыларымыз Загребте екі алтын медаль еншіледі
Жарыстың алғашқы күні Шерзод Давлатов (60 келі) пен Жанарыс Рахметқали (66 келі) чемпион атанды. Қарсыластарының бәрінен айласын асырып, қоржынымызға алтын медаль салды.
48 келіге дейінгі салмақта Ғалия Тынбаева да финалға дейін жетті. Алайда шешуші белдесуде жапон қызына жол беріп, күміс жүлдені қанағат тұтты.
Соңғы жарыс күнінде Ақерке Рамазанова жарыс жолына шықты. +78 келіде сынға түскен Ақерке жұбаныш белдесуінде австриялық Мария Холвартқа есе жіберді.
Жалпыкомандалық есепте отандастарымыз үздік үштікті түйіндеді. 4 алтын, 1 қола алған Жапония бірінші орыннан көрінді. Екінші орынды – 2 алтын, 1 күміс, 5 қола алған Франция құрамасы иеленді.