Дзюдодан Қазақстан құрамасы Антальядағы Гран-При турнирінде екінші орын алды
Жарыстың алғашқы күнінде, 7 сәуір күні татамиге шыққан жеті дзюдошымыздан Галбадрах Отгонцэцэг (48 кг) пен Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) екеуі турнир жеңімпазы атанып, қос алтынды қоржынға салса, Азамат Мұқанов (66 кг) пен Севера Нышанбаева (57 кг) жұбаныш белдесуінде қарсыластарына есе жіберіп, жарысты 5-орынмен аяқтады.
8 сәуір күні ерлер -73 кг және -81 кг , әйелдер -63 кг және -70 кг арасында өзара мықтыларды анықтады. Жарыстың екінші күнінде де Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалмады. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Мариан Урдабаева финалға дейін қарсылас шақ келтірмей, күмісті місе тұтты.
«Grand Prix» турнирінің соңғы күнінде Қазақстан қоржынына тағы үш медаль түсті. 100 келіге дейінгі салмақта белдескен тәжірибелі балуанымыз Максим Раков турнирдің күміс жүлдегері атанса, қыздарымыздан 78 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Зарина Райфова мен Альбина Амангельдиева қола жүлдегер атанды.
Айта кетейік, Антальядағы Гран-При турниріне еліміздің атынан 22 дзюдошы аттанған болатын.
Бүгін Анталиядағы кезекті «Grand Prix» турнирінен кейін IJF рейтингі жаңартылды. Жарыс жеңімпаздарына 700 ұпай, күміс медальға - 490 ұпай, қола медаль үшін 350 ұпай берілді.
Қазақстандық дзюдошылардың рейтингі төмендегідей:
Ерлер:
60 кг
Елдос Сметов - 8 (1737 ұпай)
Ғұсман Қырғызбаев - 14 (1250 ұпай)
Рустам Ибраев- 24 (946 ұпай)
66 кг
Азамат Мұқанов- 18 (1172 ұпай)
Елдос Жұмаханов - 36 (562 ұпай)
73 кг
Жансай Смағұлов - 45 (462 ұпай)
81 кг
Азиз Қалқаманұлы 25 (730 ұпай)
90 кг
Ислам Бозбаев - 14 (1282 ұпай)
-100 кг
Максим Раков - 13 (1222 ұпай)
+100 кг
Ержан Шынкеев - 22 (1072 ұпай)
Қыздар:
48 кг
Галбадрах Отгонцэцэг - 2 (3200 ұпай)
52 кг
Айкүнім Түйтекова - 50 (348 ұпай)
57 кг
Севара Нышанбаева - 24 (818 ұпай)
63 кг
Мариан Урдабаева - 16 (1159 ұпай)
70 кг
Ділбар Өміралиева - 46 (406 ұпай)
Зере Бектасқызы - 48 (384 ұпай)
-78 кг
Альбина Амангельдиева - 13 (1387 ұпай)
Зарина Райфова - 31 (550 ұпай)
+78 кг
Гүлжан Исанова - 23 (798 ұпай)