Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының бас жаттықтырушысы ауысты

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ fdk.kz

2019 жылдан бастап дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасын бас бапкер ретінде Ерлан Серікұлы Алпысбаев жаттықтырады. Ал осыған дейін бас жаттықтырушы қызметін атқарған Марат Данайбаев әйелдер құрама командасының аға жаттықтырушысы қызметін атқарады.

Ерлан Алпысбаев – дзюдодан біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары санатты жаттықтырушы. 2017 жылдан бері Қазақстан жастар қыздар құрамасының тізгінін ұстаған. 2017-2019 жылдар аралығында Ерлан Алпысбаевтың шәкірттері Әлем чемпионатынан 1 күміс, Азия чемпионатынан 4 алтын, 5 күміс, 7 қола медальға қол жеткізген. 2011-2017 жылдар аралығында Қазақстан жасөспірімдер командасының бапкері, ал оған дейін Алматы қаласындағы К. Ахметов атындағы Олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде жаттықтырушы қызметін атқарған.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама