Дзюдодан Баламұрат Ақшабаевты еске алуға арналған халықаралық турнир өтеді
Жарыстың ашылу салтанаты 1 қараша күні сағат 12:00 басталады. Аталмыш жарысқа 400- ге жуық балуан келеді деп күтілуде. Турнир қорытындысы бойынша әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлерге кубоктар, түрлі дәрежедегі дипломдар мен медальдар табысталады.
"Жыл сайын жарысқа қатысушылардың саны артып келе жатыр. Дзюдоға қызығатын балалар өте көп. Негізгі мақсатымыз бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттау. Осы жарысқа қатысып жатқан дзюдошыларымыз әлі талай жетістікке жетіп, Олимпиада чемпионы атанып, көк туымызды көкте желбірететініне сенеміз" дейді "Жас Батыр"спорт мектебінің басшысы Манарбек Бисекенов
Жарыс Халықаралық Дзюдо Федерациясының ережесі бойынша өтеді.