Дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы Жапония командасынан жеңіліп қалды

Мақпал Бисембаева Корреспондент
Фото ©️ tn.kz

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Айбек Имашев үш дүркін әлем чемпионы, Олимпиада-2012 жүлдегері Масаши Ебинумамен кездесті. Белдесуде жапон қазақстандықтан басым түсті. 

73 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Жансай Смағұлов Рики Никаяға қарсы шықты. Жекпе-жекті 81 келіге дейінгі салмақта Ринат Ибрагимов пен Таканоре Нагасе жалғады. 

90 келіге дейінгі салмақта қазақстандық Самат Есен мен  Юя Йошида белдесті. Жапония құрамасы Қазақстан командасын 4:1 есебімен жеңді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама