Дзюдодан әлем чемпионатын қайдан көруге болады?

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған доданы «KazSport» арнасы тікелей эфирде толықтай көрсетеді. Ал «Қазақстан» ұлттық арнасы да финалдық кездесулерді көрермендер назарына ұсынады. Сондай-ақ, ippon.tv ғаламтор желісі де жарысты бастан-аяқ тікелей эфирде көрермендерге ұсынатын болады.

Айта кетейік, әлем чемпионаты 30 тамыз күні мәресіне жетеді. Дүбірлі додада 2016 жылғы Рио Олимпиадасына лицензиялық ұпайлар таратылады.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама