Дзюдодан 2017 жылғы әлем чемпионаты өтетін қала белгілі болды

О Сансызбай Корреспондент

IJF Халықаралық дзюдо Федерациясының президенті Мариус Визер дүйсенбіде Венгрияның дзюдо федерациясы президенті Ласло Тот пен Венгрияның спорт министрі Ласло Шимицкомен келісім-шартқа қол қойды. Бұл шартқа сәйкес Венгрияның үкіметі жарысты ұйымдастыру мен өткізуде жан-жақты қолдау көрсетеді. Дүбірлі дода мажар елінде алғаш рет өткелі отыр.

- Мен Венгрияның 2017 жылғы әлем чемпионатын сәтті өткізетініне сеніммен қараймын. 2024 жылғы Олимпиада ойындарын өткізуге де ниет білдіріп отыр. Сонымен қатар, бұл елдегі дзюдо спортының тарихы бай, - деді Мариус Визер.

Айта кетейік, дзюдодан 2015 жылғы әлем чемпионаты Астана қаласында өтеді. Елордадағы жарысқа 120 елден келген 700-ден астам әлемнің үздік спортшылары келеді деп күтілуде. Жарыс тамыз айының 25-30 жұлдызы аралығына жоспарланған.

Сурет: viktorijatravel.lv

Ұқсас жазбалар

Будапешт – Еуропа төріндегі әсем қала

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама