Дунга Неймарды сынға алды

О Сансызбай Корреспондент

Дунга 2006 және 2010 жылдары Бразилия құрамасын баптаған. Бірақ, екі бірдей әлем біріншілігіне бастап барған бапкер ісінен нәтиже шықпаған-ды. Негізінен жақында ғана қызметінен кеткен Луиш Филипе Сколари де екінші рет құраманы баптаған болатын. Елдің футбол федерациясы бұл орынға Жозе Моуриньодан бастап, бірнеше танымал бапкерлерді шақырды. Бірақ, ешқайсысы келісе қоймады. Нәтижесінде, бұл орын қайта Дунгаға бұйырды.

Кей бразилиялық басылымдар бас бапкер Неймарды аса жақтырмайтынын жазса, енді бір топ бұқаралық ақпарат құралдары Дунганың ісі мен ойын құптап жазуда. Ал sbnation.com сайтының хабары бойынша Бразилияның жаңа бапкері Неймарды тікелей сынға алып отырған көрінеді. Мұнда бапкер тарапынан төмендегідей талаптар айтылған. Неймар команда үшін ойнайтын болады, команда Неймар үшін ойнамайды. Мен футболшыларды ұлттық құрамаға шақырғанда ешбірі шаштарын боямауы тиіс. Футболшылар сәнді емес, тек футбол туралы ойлауы тиіс. Неймар қандай кепеш (кепка) кисе де, кимесе де, ол міндетті түрде Бразилия құрамасының кепеші болуы тиіс. Бізге тек алаңда не болатыны туралы ойлау қажет, - делінген.

Естеріңізге сала кетсек, барлық «мундиальдан» шет қалмай қатысып келе жатқан Бразилия құрамасы өз еліндегі жиырмасыншы доданың жартылай финалында немістерге ойсырай жеңіліп, үшінші орын үшін тартыста Нидерланд құрамасына есе жіберген еді.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: өңделген

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама