Футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты басталды. Мәскеу төрінде байрағын көтерген доданың ашылу салтанаты өтіп, алаң иелеріСауд Арабиясықұрамасын 5:0 есебімен ұтты. Танымал әншіРобби Уильямспен ресейлік Аида Гарифуллина орындаған тамаша әнмен басталған салтанатты шараны Qazaqstan мен QazSport телеарналары тікелей эфирде көрсетті.Ашылу салтанатына FIFA президенті Джанни Инфантино, Ресей басшысы Владимир Путин, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен өзге де бірнеше мемлекеттің басшылары қатысты. Мундиальдың ашылу салтанаты аяқталысымен Ресей мен Сауд Арабиясы арасындағы ойын басталды. Алаң иелері кездесуді ширақ бастап жылдам гол соғуға асықты.Станислав Черышевтіңбұл жоспары оңынан болды. 12 минутта Ресей құрамасы есеп ашты. Әлем чемпионатының алғашқы голын ресейлік футболшыЮрий Газинскийсоқты. Бірінші тайм аяқталар тұстаДенис Черышевесепті еселеді. Ол 24 минутта жарақат алғанАлан Дзагоевтыңорнына шыққан еді. Екінші таймда Ресей құрамасы ойындағы басымдығын арттыра түсті. ШабуылшыАртем Дзюбаныңалаңға шығуымен ресейліктердің ойыны жанданды.Александр Головинніңәуелете асырған пасына бірінші жетіп, есепті 3:0-ге жеткізді. Ойынға қосылған соңғы 3 минутта Сауд Арабиясы қақпасында тағы екі рет доп тулады. Дзюбаның тамаша пасынан кейінЧерышевдубль жасады. Ал соңғы секундтаГоловинніңайып соққысынан тепкен добы да Сауд Арабиясы қақпасынан табылды. Айта кетейік, бұл топтағыУругвайменЕгипетқұрамалары арасындағы ойын ертең өтеді. Сондай-ақ В тобында Марокко мен Иран, Португалия мен Испания кездеседі.