Дмитрий Попко Мексикадағы турнирді жеңіспен бастады
Бұл жетістікке ол эквадорлық Андрес Андрадені жеңгеннен кейін қол жеткізді.
"Қазақстандық спортшы қарсыласын екі сетте ұтты. Қорытынды есеп – 6:3, 6:4", - деп жазылған мәліметте.
Айта кетейік, ширек финалға шығу үшін Дмитрий Попко боливиялық Хуан Карлос Прадо Анхеломен кездеседі.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!