Дмитрий Огай «Қайсарды» жаттықтырады
«Қазақстан маманы Дмитрий Огай мен «Қайсар» клубының басшылығы қызметтестік жөнінде өзара мәмілеге келді. Жаттықтырушы оқу-жаттығу жиыны барысындағы дайындық жоспарын жасап та үлгерді. Желтоқсанның 10-ы күні «Қайсар» Түркияда өтетін бірінші жаттығу жиынына аттанады», — делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кететін болсақ, осы маусымда бірінші лигада бірінші орын алған қызылордалық «Қайсар» премьер-лигаға жолдама алған еді. Ал қызметіне жаңа кіріскен бапкер Дмитрий Огай осыған дейін ресейлік «Урал» сосын «Нефтехимик» командаларын жаттықтырып келген болатын. Еліміздің де бірнеше белді футбол клубтарының тізгінін ұстаған.
Дайындаған: Өмірбек Сансызбай
Сурет: sports.kz