Суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионыДмитрий БаландинИспанияның Малага қаласында өтіп жатқан халықаралық турнирде екінші алтынын алды. Қазақстандық спортшы кеше 200 метрге брасс әдісімен жүзуде үздік шығып, рекорд жаңартқан еді. Бүгін 50 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанды. Аталған қашықтықты Дмитрий 0:27.80 секундта жүзіп өтті. АлАйбек Қамзенов0:28.56 секунд көрсеткішімен үшінші орын алды. 100 метрге еркін әдіспен жүзудеӘділ Қасқабайкүміс жүлдеге қол жеткізді. Сондай-ақ кешеӘділбек Мусин50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуде күміс жүлдегер атанған болатын. Малагадағы жарыс екі күннен кейін аяқталады.