Суда жүзу спортынан Олимпиада чемпионыДмитрий БаландинИспания ашық чемпионатында топ жарды. Отандасымыз 200 метрге брасс әдісімен жүзуде жеңімпаз атанып қана қоймай, халықаралық турнирдің рекордын да жаңартты. Дмитрий Баландин 200 метрді (брасс) 2:09,31 минутта жүзіп шықты. Осылайша күні кеше өзі орнатқан рекордты жаңартты. Жартылай финалда қазақстандық спортшы 2:10.96 минутта жүзіп өткен болатын. Дәл осы қашықтықта жарысқа қатысқанАйбек Қамзенов7-орын алды. Ал 100 метрге еркін әдіспен жүзудеӘділ ҚасқабайменӘділбек Мусинбүгін финалдық кезеңде бақ сынайды. Айта кетейік, жарыстың бірінші күні 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзудеӘділбек Мусинкүміс жүлде иеленген болатын. Испанияяның Малага қаласында өтіп жатқан халықаралық турнир жүзуден Қазақстан ұлттық құрамасының Азия ойындарына дайындығының бірі кезеңі.