Дмитрий Баландин алтыншы орынмен шектелді
Дмитрий Баландин 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде төртінші орын алған болатын. 200 метр қашықтыққа жүзуде отандасымыз алтыншы орынмен шектелді. Ол бұл қашықтықты 2:09.59 минутта бағындырды.
200 метрге брасс әдісімен жүзуде неміс Марко Кох чемпион атанды. Оның уақыт көрсеткіші 2:07.76 болды. Күміс жүлде америкалық Кевин Кордсқа (2:08,05) бұйырса, қоланы мажар елінің спортшысы Даниэль Дьюрта (2:08,10) иеленді.
Айта кетейік, Қазандағы әлем чемпионаты ертең мәресіне жетеді. Қазақстандық спортшылар әлі жүлделі орыннан көріне алған жоқ.