Джокович Пекин турнирінде жеңіске жетті
Француз теннисшісі бірінші сетте көп қателік жасап, сет тай-брейкке жетті. Бұл кезеңде сербиялық ойыншының жолы болды. Екінші сетте де Цонга көптеген қателіктер жасаса, кордтың артқы бөлігінде сәтті ойнаған Новак бұл сетті өз еншісіне жазды. Дәл осы екінші сет ойын тағдырын шешіп кетті. Оған қоса, Цонга да бойын жинап, үлгере алған жоқ. Новак сегіз брейк-пойнттың үшеуін сәтті аяқтап, тек өз соққысының біреуін ғана қарсыласына беріп қойды. АТР рейтингісінде екінші орында келе жатқан Новак Джокович үшін бұл жеңісі отыз екінші жеңіс болды. Ал осы жылдағы төртінші жеңісі болып отыр.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
сурет: buro247.ru