Джидич Қазақстан азаматтығын алмақшы

О Сансызбай Корреспондент

«Мен Қазақстанда футбол ойнап жүргеніме төрт жылдан асты. Алты ай бұрын Қазақстан азаматтығын алуға өтініш білдірдім. Мемлекеттік органдар келер жылы қаңтар не ақпан айында азаматтық алатынымды айтты. Мен  Қарағандыны жақсы көремін. Үй сатып алдым, осы қалады өмірімді жалғастырамын. Сонымен қатар Евгений Тарасов екеуміздің ортақ жоспарларымыз да бар. Қарағанды да тұрып, кейін осы қалада футбол мектебін ашқымыз келеді» -деді ол.

Джидич 1983 жылы Боснияда дүниеге келген. 2008 жылы Босния құрамасында алғашқы ойынын Түркияға қарсы өткізіп, жеңіс голын да соққан. "Кеншілер" ұжымына 2010 жылы "Балтика" командасынан ауысып келді.

Естеріңізге сала кететін болсақ, осыған дейін «Шахтер» командасының колумбиялық жартылай қорғаушысы Рохер Каньяс та Қазақстан азаматтығын алуы мүмкін екені жайлы хабарлаған болатынбыз.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: sports.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама