Динара Сәдуақасова тарихи рекорд орнатты

Айбар Рысдәулет Корреспондент

Турнирге әлемнің 40-тан астам елінен 150 мықты шахматшы қатысты. Жарыстың деңгейін әлемдік деңгейдегі Магнус Карлсен, Фабиано Каруана, Левон Аронян және басқалар шахмат шылардың қатысуынан-ақ білуге болады. Қатысушылардың орташа рейтингі 2605-ті құрады.

Қазақстандық шахматшы Динара Сәдуақасова турнирде сәтті өнер көрсетті. Әйелдер арасында ол үнді спортшысы Харика Дронаваллимен 1-2-ші орынды бөлісті. 

- Бұл өзімді көрсетуге тамаша мүмкіндік болды! – дейді Динара. – Күн сайын мықты ойыншылармен ойнайсың. Бар күшімді салдым, дегенмен зор қашықтық қой. Менің барлық қарсыластарым әлемдік шахмат элитасы – "алты жүздіктер" тобындағы гроссмейстерлер болды. Бұл құрам мені қорқытқан жоқ, керісінше, өзімді тексеруге ниет тудырды.

Grand Swiss турнирінен кейін Динараның рейтингі 2505-ке жетті. Енді ол әлемнің ең мықты шахматшылары арасында 11-ші орында тұр. Бұл қазақстандық әйелдер шахматы үшін тарихи рекорд.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова Қытайда өткен Азия чемпионатында топ жарып, құрлықтың үздік шахматшысы атанған болатын

*Динара Сәдуақасова (22 жаста) - шахматшы, шахмат академиясының негізін қалаушы. Ол 14, 17, 18 және 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы жалғыз төрт дүркін әлем чемпионы атанған спортшы. 2017 жылдан бастап ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы ізгі ниетті елшісі. Әлемдегі ең мықты шахматшылар рейтингінде 12-орынды иеленген. 2012 жылы әйелдер арасында халықаралық гроссмейстер атағы берілді, ал 2017 жылы ерлер арасындағы халықаралық спорт шебері атанды.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама