"Динамо" мен "Ақтөбе" құрамы қандай болмақ?

О Сансызбай Корреспондент

"Динамо" (Киев, Украина): Максим Коваль, Домагой Вида, Евгений Хачериди, Александар Драгович, Бенуа Тремулинас,  Огнен Вукоевич, Лукман Аруна, Андрей Ярмоленко, Роман Безус, Дуду, Браун Идейе.

"Ақтөбе" (Ақтөбе, Қазақстан):
Андрей Сидельников, Петр Бадло, Алексей Мулдаров, Роберт Арзуманян, Андрей Харабара, Сергей Ковальчук, Юрий Логвиненко, Александр Гейнрих, Тимур Кападзе, Марат Хайрулин, Сергей Давыдов.

Қос команда арасындағы алғашқы кездесу 2:3 есебімен Олег Блохин шәкірттерінің еншісіне жазылған болатын. Украина футбол ардагерлерінің көпшілігі бүгінгі кездесуде "Динамоның" үлкен есеп айырмасымен қазақстандық командадан басым түсетініне күмәнмен қарауда. Алғашқы кездесуден кейін қос команда бапкерлері де бір-бірінің осал тұстарына үңіліп, ойын тактикасын өзгеше жүзеге асырары анық.

"Динамо" мен "Ақтөбе" арасындағы кездесу Киевтегі "Олимпийский" стадионында жанкүйерсіз өтеді. Ойын Астана уақытымен 22:00-де басталады. Кездесуді "Қазақстан" және "KazSport" арналарынан тамашалай аласыздар.

Дайындаған: Өмірбек Сансызбай

Сурет: championat.com 

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама