Ди Маттео неміс командасын жаттықтырады
«Шальке» командасының басшылығы осы уақытқа дейін бас бапкер қызметін атқарып келген Йенс Келлермен келісімшартын бұзуға мәжбүр болды. Өйткені, клуб соңғы он кездесудің екеуінде ғана жеңіске жеткен. Бундеслиганың турнирлік кестесінде 11-ші орында келеді. Осыны ескерген клуб басшылығы жаңа қызметке Ди Маттео немесе Бернд Шустерді шақыруды ұйғарған еді. Нәтижесінде таңдау италиялық маманға түсті.
Роберто Ди Маттео 2011 жылы «Челси» командасының бас бапкерінің көмекшісі болса, араға бір жыл сала уақытша бас бапкер қызметін де атқарған болатын. Сонымен қатар, «ақсүйектермен» Чемпиондар лигасы мен Англия Кубогын жеңіп алған. Ал оған дейін «Милтон Кинс Донс» пен «Вест Бромвич» командаларын жаттықтырған.
Дайындаған:Өмірбек Сансызбай
Сурет: fapl.ru