«Дэвис кубогында» ел намысын қорғайтын теннисшілер анықталды
Қазақстан құрамасының капитаны Диас Досқараев ширек финалда Австралиямен өтетін ойынға Михаил Кукушкин (59), Александр Недовесов (129), Андрей Голубев (135) және Дмитрий Попконы (407) шақыртып отыр. Ал «жасыл құрлық» елінің намысын Ник Кирьос (29), Сэмюэль Грот (69), Танаси Коккинакис (71) және Ллейтон Хьюитт (118) қорғайтын болады.
Австралия мен Қазақстан арасындағы ширек финалдағы кездесу 17-19 шілде аралығында Дарвинде (Австралия) өтетін болады.