Дэвид Бекхэм жалақысының жартысын емханаға берді

ЮРИЙ НИКУЛЛИН Корреспондент

Негізінен Дэвид осы жылдың қаңтар айында париждік командамен келісім-шарт жасасқанда жалақысының барлығын қайырымдылық үшін жұмсайтынын айтқан болатын. Дегенмен қаражат қандай қайырымдылық шара үшін жұмсалатыны белгісіз болып келді.

Басылымның ақпараты бойынша, «ПСЖ» командасының сапындағы осы уақытқа дейінгі айлығының жартысын Бекхэм "Неккер-Анфан" атты балалар емханасына аударыпты. Бұл емхана аяқ-қолдары істен шыққан балаларды қабылдауға бағытталған. Сондақ-ақ, Бекхэмнің жалақысын аударатын тағы бір ұйым да бар екен. Бірақ, бұл ұйымның аты әлі тілшілерге белгісіз.

Француз басылымдарының деректеріне жүгінетін болсақ, Дэвид Бекхэм жалпы қайырымдылық үшін 500 мың еуродай бөлген.

Дайындаған: Уалихан Қосанбай

Сурет: vesti.kz

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама