Денис Тен төрт құрлық турниріне қатысады

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

18 ақпан күні жалауын көтеретін жарыста Денис Теннен өзге де отандастарымыз ел намысын қорғайды. Атап айтар болсақ, Дарын Жүнісов пен Анастасия Хромова да мұз айдында бақ сынайтын болады.

Жарыс қысқа бағдарламада 18 ақпан күні, Астана уақыты бойынша сағат 10.45-те өтеді.  Ал ашылуы сағат 13.40-та өтеді. Еркін бағдарлама 19 ақпан күні сағат 11.30-ға жоспарланған.

Денис Тен жарыс жолына 19 ақпан күні шығады. 21 ақпан күні сағат 10.00-де еркін бағдарламада өнер көрсетеді.  Жарысты «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде тарататын болады.

Отандасымыз төрт құрлықтың чемпионатына жетінші рет қатысқалы отыр. 2009 жылы – 9-шы орын, 2010 жылы – 10-шы орын, 2012 жылы – 6-шы орын, 2013 жылы – 12-ші орыннан көрінген болатын. Ал 2014 жылы бұл жарысты 4-ші нәтижемен аяқтаған еді. Ал  өткен жылғы төрт құрлық турнирі Сеулде өткен болатын. Ол қос бағдарлама бойынша 289,46 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама