Денис Тен төрт құрлық чемпионатына қатыспайтын болды

О Сансызбай Корреспондент
Фото ©️ vk.com

Денис Теннің жарысқа қатыспайтынын чемпионаттың «twitter» желісіндегі парақшасы да растап отыр. Отандасымыз жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмайтын болды.

Төрт құрлық чемпионатына Денистен өзге екі спортшымыз қатысады. Олар - Дарын Жүнісов пен Анастасия Хромова.

Айта кетейік, Денис Тен төрт құрлық чемпионатына алты рет қатысқан. 2009 жылы – 9-шы орын, 2010 жылы – 10-шы орын, 2012 жылы – 6-шы орын, 2013 жылы – 12-ші орыннан көрінген болатын. Ал 2014 жылы бұл жарысты 4-ші нәтижемен аяқтаған еді. Ал  өткен жылғы төрт құрлық турнирі Сеулде өткен болатын. Ол кезде қос бағдарлама бойынша 289,46 ұпаймен жеңіс тұғырынан көрінген еді.

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама