Денис Тен Токиода өнер көрсетті
Жапонияның астанасы Токио қаласында мәнерлеп сырғанаудан командалық Әлем чемпионаты аяқталды. Өкінішке орай, бұл додаға Қазақстан құрамасы қатыса алмайды. Дегенмен бұл жарыстың ұйымдастырушылары біздің отандасымыз Денис Тенді арнайы қонақ ретінде шақыртыпты. Денис бұл біріншілік барысында екі түрлі бағдарламасын орындады.
«Мәнерлеп сырғанаудан Әлем біріншілігі аяқталды. Өте қызықты өтті. Мен бұл жарысқа қонақ ретінде де қатысқаныма қуаныштымын. Барлық жанкүйерлеріме алғысымды білдіремін. Жапония жерінде көрсеткен өнерім баршаңызға ұнады деп ойлаймын», - деді Тен жарыс аяқталған соң өзінің әлеуметтік желісінде.
writeFlash({"src":"https://www.youtube.com/v/OP0JFLu13aQ","width":"425","height":"350"});
Ал жалпы, Әлем чемпионатына келетін болсақ, бұл байрақты бәсекеге жаһанның ең мықты деген алты құрамасы қатысты. Бірінші орын мұз айдынның иегерлері – Жапония құрамасына бұйырды. Ал екінші орын – Патрик Чан өнер көрсететін Канада құрамасында.
Дайындаған: Уалихан Қосанбай
Сурет: vesti.kz