Денис Тен - мұзайдындағы мақтанышымыз
2006 жылы 12 жасар Денис Тен Қазақстан Чемпионатына қатысып, ересектер арасында топ жарған. Нидерланды елінде жасөспірімдер арасында өткен Гран-при турнирінде Денис 10-шы нәтиже көрсетсе, кейін ұлттық біріншілікте 2-орынға қол жеткізген. Кейін Денис жасөспірімдер арасында ұйымдастырылған Әлем Чемпионатына қатысқанымен, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсете алмады. Еркін бағдарламада сәтсіз өнер көрсеткен қазақстандық фигурист тек 26-орынды ғана қанағат тұтты. Сол жылы Денис «Haabersit cup» пен «Dragon Trophy» және т.б. бірнеше халықаралық жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2007-08 жылғы кезеңде Денис Эстония мен Румыния елдерінде өткен жасөспірімдер Гран-при байқауларына қатысып, сәйкесінше 10 және 6-орынды жеңіп алса, Әлем Чемпионатында тек 16-нәтиже көрсеткен.
Бір жылдан кейін Тен Белоруссияда өткен Гран-придің бір кезеңінде жеңіске жетіп, Францияда төртінші нәтиже көрсетті. Осылайша, ол финалға жолдама алып, ақырында 5-орынды қанағат тұтты. 2008-09 жылғы кезеңде Денис Ресей Кубогының IV кезеңінде керемет өнер көрсетіп, нәтижесінде алтыннан алқа тағынған. Дәл сол жылы жас фигурист төрт құрлық Чемпионатында 4-нәтиже көрсетіп, өз есімін бүкіл дүниежүзіне танытты.
2009 жылы жасөспірімдер арасында өткен Әлем Чемпионатында Денис Тен өз қарсыласы Артем Григорьевтен бір ұпайға артта қалып, қола медальға қол жеткізе алмады.
Елімізде 2011 жылы өткен VII қысқы Азия ойындарында жас фигурист жеңіс тұғырының төрінен көрінді.
Суреттер tengrinews.kz сайтынан