Денис Тен командалық әлем чемпионатында қалай өнер көрсетті? (видео)

О Сансызбай Корреспондент

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы жарыстың соңғы күні мұз айдынға шықты. Жиналған жанкүйерлерге екі бірдей бағдарламалық өнерін көрсетті. Сонымен қатар, жарыс қорытындысындағы гала-концерт ретінде ұйымдастырылған іс-шараға қатысты.

- Мен Жапониядағы ірі жарыста өнер көрсеткеніме өте қуаныштымын. Бұл турнирді стадиондарға жиналған миллиондаған жанкүйерлермен қоса, жапон халқының 20 %-ы теледидар арқылы тамашалаған. Яғни, бұл дегеніміз - «World Team Trophy» турнирінің ғана емес, мәнерлеп сырғанау спортына деген қызығушылықтың артып келе жатқанының бір көрінісі. Осындай әлем тамашалаған ірі жарыста өнер көрсету – мен үшін үлкен қуаныш, - деді Денис Тен.

Бағдарлама барысында жанкүйерлер Денис Теннің өнеріне қол соғып, үлкен құрмет көрсетті. Ал өз кезегінде отандасымыз дайындап барған бағдарламаларын ойдағыдай орындап шықты. Тек, аксель жаттығуын орындауда ғана екі бағдарламада да қателікке бой алдырып алды.

Айта кетейік, Токиодағы «World Team Trophy» деп аталатын командалық әлем чемпионатына Ресей, АҚШ, Жапония, Канада, Франция және Қытай елінің құрамалары қатысты. Жарыс қорытындысы бойынша 110 ұпай жинаған АҚШ құрамасы бірінші орын алса, бір ұпайы кем ресейліктер екінші орыннан көрінді. Үшіншы орынды мұз айдын иелері – Жапония жеңіп алды.  

Денис Тен 2015 жылды сәтті бастады. Сеулде өткен «төрт құрлық чемпионатында» жеңімпаз атанса, Пекинде өткен әлем чемпионатында қола жүлдені жеңіп алған-ды. 

Сурет: vk.com

Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама