Денис Тен Қазақстанның 2022 жылғы Олимпиадаға ұсынысын таныстырады
2022 жылғы қысқы Олимпиаданы өткізуге Алматы мен Пекин қалалары таласуда. Жыл басында Халықаралық Олимпиада комитетінің комиссия мүшелері қос қаланың ақ Олимпиаданы өткізу әлеуетін бағамдап шыққан болатын. 10-13 маусым күні үміткер екі қала ХОК мүшелері алдында ұсыныстарын ресми түрде таныстыратын болады. Лозаннадағы таныстыру салтанатына Денис Теннен өзге Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов, ҚР сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов, Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының Президиум Төрағасы Тимур Құлыбаев және «Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев барады.
Айта кетейік, 2022 жылғы Олимпиада ойындарын қабылдайтын қаланы Халықаралық Олимпиада комитеті 2015 жылдың 31 шілдесінде Малайзияның Куала-Лампур қаласында өтетін 127-ші отырысында мәлімдейтін болады.